+7 7172 27-96-16 (Приёмная)
17 мая

Қазақстан мен Малайзия инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады

Астанада Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов пен Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим екі елдің бизнес-қоғамдастықтары мен ғылыми топтарыөкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Малайзия инвестициялық дөңгелек үстелін өткізді.

 

Шара қос елдің іскерлік қарым-қатынасын қарқындатып, ықпалдастыққа күшейтугенегізделді және ол бизнес-қоғамдастықтың ықпалды қатысушыларының, мемлекеттікжәне ұлттық компания өкілдерінің, сондай-ақ ғылыми топ сарапшыларының басын қосты.

 

Форумға «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстанның Сыртқысауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов қатысты.

 

Экономиканың басым салаларындағы перспектива қаралған жиында Олжас БектеновМалайзия еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерініңбірі екенін атап өтті. Статистика бойынша өткен жылы екіжақты тауар айналымы 150 млн доллардан 245 млн долларға дейін артқан. Пандемияға дейінгі 650 млн доллар деңгейінеқол жеткізу мүмкіндіктері де жоқ емес.

 

Жалпы, екі ел арасына жалпы сомасы 410 млн долларға 17 бірлескен инвестциялық жобабар. Олар алдағы уақытта уағдаластықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға жол ашады.

 

Дөңгелек үстел аясында қазақстандық және малайзиялық бизнес өкілдері нақтыкеліссөздер жүргізді.

 

Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов малайзиялықкомпанияларға әлеуетті серіктестер іздеу, жобаларды сүйемелдеу және B2B және B2G кездесулерін ұйымдастыруға, табысты ынтымақтастықтықты кеңейтуге дайынекендіктерін жеткізді. Себебі, бұл шара екі елдің байланысын бекемдеуге серпін беріпотыр.